<aside> <img src="/icons/compass_blue.svg" alt="/icons/compass_blue.svg" width="40px" /> Біз кәсіби қолдау мен дамушы орта ұсына отырып, әр тұлғаның бақыты мен жетістігіне себепкер бола алатынымызға сенеміз.
</aside>
👇🏻 - Видеожазбамен танысып шықсаңыз
https://www.youtube.com/watch?v=FIoQoBmwntI
Alqa MentorHub – бұл студенттер, қызметкерлер және компаниялар үшін дамуға арналған платформа. Біз компаниялар мен тұлғаларға өз бағытын тауып, кәсіби және жеке мақсаттарына жетуге көмектесеміз.
- Студент-оқушы үшін: Болашағыңызға сенімді қадам жасап, сүйікті ісіңізді табуға көмектесеміз. Бізбен бірге кәсіби бағдар алып, мықты мамандыққа дайын боласыз.
- Қызметкерлер үшін: Егер жұмыста қиындықтарға тап болсаңыз немесе жаңа белестерді бағындырғыңыз келсе, біз сізді қолдап, өзіңізді дамыту жолын көрсетеміз.
- Компаниялар үшін: Сіздің командаңызды нығайту, HR жүйесін жақсарту, команданы өсіру және басқару және процестерді оңтайландыру – біздің басты міндетіміз. Біз қызметкерлеріңіздің әлеуетін ашып, ұйымыңызды жетістікке жетелейтін жолды ұсынамыз.
Alqa MentorHub – бәріне бірдей мүмкіндік. Біз сіздің арманыңызға жету жолында серіктес боламыз!
👇🏻 - Ашық вакансиядағы өзіңізге ұнаған мамандық атауының үстін басыңыз
Өзіңізге ыңғайлы форматта жұмыс істеуді таңдаңыз. Сіз үйде отырып немесе коворкингте жұмыс істей аласыз.
Курстар мен тренингтерге қатысып, кәсіби және жеке дағдыларыңызды жетілдіріңіз.
Әр қызметкердің кәсіби және жеке өсуіне бағытталған жоспар
Жобаларда белсенділік танытып, жаңа рөлдерге немесе басқару мүмкіндіктеріне ие болыңыз.
Идеяларыңызды іске асыру үшін команда мен ресурстардың қолдауына ие болыңыз. Жобаларды дамытып, шығармашылықты шыңдаңыз.
Онлайн немесе офлайн форматтағы тимбилдингтерге, серуендерге және ұжымдық демалысқа қатысыңыз.
<aside> <img src="/icons/heart_blue.svg" alt="/icons/heart_blue.svg" width="40px" /> Ықылас пен адалдық
Біз жұмысты шын жүректен орындап, әрбір істі адалдықпен және жауапкершілікпен атқарамыз. Клиенттер мен серіктестерге шынайы қамқорлық көрсету – біздің негізгі ұстанымымыз.
</aside>
<aside> <img src="/icons/arrow-northeast_blue.svg" alt="/icons/arrow-northeast_blue.svg" width="40px" /> Үздіксіз даму
Біз жаңа білім мен тәжірибеге ұмтылып, әрқашан жетілу жолындамыз. Жаңашыл идеяларды сынау және қиындықтарды қабылдау арқылы алға жылжимыз.
</aside>
<aside> <img src="/icons/bullseye_blue.svg" alt="/icons/bullseye_blue.svg" width="40px" /> Нәтижеге бағытталу
Жұмысымыздың басты мақсаты – клиенттерімізге, серіктестерімізге және команда мүшелеріне нақты әрі өлшенетін нәтижелер ұсыну. Біз үшін жетістік – бұл тек мақсатқа жету ғана емес, сонымен қатар сол жолда өсу және даму.
</aside>
Егер сізге сәйкес рөл болмаса, Azat Yskak-тың Telegram арнасына қосылыңыз. Жаңалықтарды, жұмыс мүмкіндіктерін және компания ішіндегі инсайттарды бірінші болып біліңіз.
MentorHub-тың жаңалықтарын, оқиғаларын және мүмкіндіктерін әлеуметтік желілерден бақылаңыз: